«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Қима ауылының Қабдеш Шардағұлұлы Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің Қ. Өскенбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ "әлеуметтік педагог"лауазымына уақытша бос (2023 жылдың 10 қаңтарынан 2023 жылдың 01 қараша дейінгі аралығында негізгі қызметкердің декреттік демалыста болған кезеңіне (бала күтіміне байланысты)) конкурс жариялайды

04.05.2023

"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің Қ. Өскенбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ "әлеуметтік педагог"лауазымына уақытша бос (2023 жылдың 10 қаңтарынан 2023 жылдың 01 қараша дейінгі аралығында негізгі қызметкердің декреттік демалыста болған кезеңіне (бала күтіміне байланысты)) конкурс жариялайды Үміткерлерге қойылатын талаптар: ҚР Білім және ғылым министрлігінің 13.07.2009 жылғы №338 (31.03.2022 жылғы №121 өзг.) бұйрығына сәйкес біліктілік санаттарына сәйкестігі Лауазымдық міндеттері: тұлғаның және оның микроортасының психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін, өмір сүру жағдайларын зерттейді, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің мінез-құлқындағы мүдделер мен қажеттіліктерді, проблемаларды, жанжалды жағдайларды, ауытқуларды анықтайды және оларға уақытылы әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді; әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік мәселелерін шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке басының құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды; білім алушылар, тәрбиеленушілер мен ұйым, отбасы, орта, түрлі әлеуметтік қызметтердің, ведомстволар мен әкімшілік органдардың мамандары арасында делдал болады; жеке тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарында және тұрғылықты жері бойынша білім алушыларды, тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, мүмкіндігі шектеулі балалардың, мүгедек балалардың, бала кезінен мүгедектердің патронаты, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді; оқушылардың, тәрбиеленушілердің таланттарын, ақыл-ой және дене қабілеттерін сабақтан тыс уақытта дамытуға жағдай жасайды; әлеуметтік ортада адамгершілік, салауатты қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді; білім алушылар, тәрбиеленушілер және мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді; педагогтармен, ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен өзара іс-қимыл жасайды; білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың, тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді; білім беру ұйымдарында білім беру оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады; білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастырады. Білуі керек: - Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер; - пжәне психология, физиология, гигиена; - тәрбие жұмысының әдістемесі, үйірмелер, секциялар, студиялар, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламасы; - педагогикалық этика нормалары; балалар ұжымдары, ұйымдары мен қауымдастықтары қызметінің негіздері; - еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, санитарлық ережелер мен нормалар. Біліктілікке қойылатын талаптар: - жоғары педагогикалық білім немесе "әлеуметтік педагог" бағыты бойынша кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды; - және (немесе) біліктіліктің жоғары деңгейі болған кезде әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл және педагог-шебер үшін – кемінде 5 жыл. Құжаттарды қабылдау мерзімі 2022 жылғы 28 желтоқсанынан 2023 жылдың 06 қаңтарына дейін. Құжаттар бес жұмыс күні ішінде қаралады. Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқабайқауға қатысу туралы өтініш; 2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-бар болса); 4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген); 7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) Наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса); 10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады. Лауазымдық жалақысы 120000-нан 140000 теңгеге дейін Байланыс телефон нөмірі: 87163551206, жұмыс уақыты 9.00-18.00, kiyminskaya1@mail.ru.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 04.05.2023 09:31
Құрылған күні: 04.05.2023 10:02

Текст