«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Қима ауылының Қабдеш Шардағұлұлы Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы Білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің Қима ауылының Қ. Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Бастапқы әскери және технологиялық даярлығының педагог-ұйымдастырушысы» бос лауазымына байқау жариялайды

04.05.2023

«Ақмола облысы Білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің Қима ауылының Қ. Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Бастапқы әскери және технологиялық даярлығының педагог-ұйымдастырушысы» бос лауазымына байқау жариялайды Үміткерлерге қойылатын талаптар: ҚР БҒМ 13.07.2009 ж. № 338 бұйрығына сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі (өз. № 121 31.03.2022): - Білім алушыларға әскери-патриоттық тәрбие беруді ұйымдастырады. - Оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлейді; оқу кабинетін жарақтандыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарды сақтайды. - Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен, сынып жетекшілерімен бірлесіп, оқу жылына арналған әскери-патриоттық жұмыс жоспарын әзірлейді, оның орындалуын қамтамасыз етеді және оқу полигонының жұмысын үйлестіреді. - Білім беру ұйымының бастапқы әскери даярлығының материалдық базасын дамыту және нығайту, жабдықтар мен мүкәммалдың сақталуы, санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуы бойынша шаралар қабылдайды. - Әскери іс негіздерін зерделеу бойынша үйірмелерге басшылық етеді, төтенше жағдайлардағы іс-қимылдар бойынша практикалық сабақтар мен жаттығулар өткізеді. - Білім беру ұйымдарында азаматтық қорғаныс бойынша сабақтар өткізеді, қысылтаяң жағдайларда әрекет ету бойынша іс-шараларды пысықтайды, қорғаныс құрылыстарының, қысылтаяң жағдайларда азаматтық қорғаныс бойынша жеке қорғаныс құралдарының әзірлігін қамтамасыз етеді. Білуге тиіс: - Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңдарын, Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери есепке алу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"; - білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларға білім беру мен тәрбиелеу, бастапқы әскери даярлық мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер; - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, оқу пәнінің мазмұны, оқутәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі; - педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері; - басқарудың инновациялық әдістері; - экономика негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары. Біліктілікке қойылатын талаптар: - "Бастапқы әскери оқыту және дене тәрбиесі оқытушысы" мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, офицерлер құрамы лауазымдарында әскери қызмет өткерген, жоғары (орта) әскери немесе педагогикалық қайта даярлау білімі бар запастағы офицерлер жұмыс стажына талап қойылмайды; - және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл, педагог-шебер үшін-5 жыл. Құжаттарды қабылдау мерзімі 2022 жылдың 22 қыркүйегінен 30 қыркүйегіне дейін. Құжаттар бес жұмыс күні ішінде қаралады. Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі: 1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, байқауға қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса); 4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; 7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) Наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагогмодератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса); 10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы; Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады. Лауазымдық жалақысы 130000 теңгеден 150000 теңгеге дейін Байланыс телефоны: 87163551206, жұмыс уақыты 9.00-18.00, kiyminskaya1@mail.ru.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 04.05.2023 09:19
Құрылған күні: 04.05.2023 09:51

Текст