«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Қима ауылының Қабдеш Шардағұлұлы Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«2-3 жасар балалардың отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдарда қауіпсіздігі»

ыыыыыыыыыыыыыыыы

«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің Қима ауылы Қ.Өскенбаев атындағы жалпы орта мектебі»КММ жанындағы «Аққу» шағын орталығында кеңес беру пунктінің жоспарына сәйкес тәрбиеші Бегалина Ж.Б. «2-3 жасар балалардың отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдарда қауіпсіздігі» тақырыбында ата-аналармен кеңес өткізді.   Тәрбиеші ата-аналар мен балаларды жылы қарсы алып, талқылауға қолайлы, сенімді атмосфера қалыптастырды.
Кездесудің мақсатын қысқаша түсіндіріп өтті — балалардың үй жағдайындағы және ұйым аумағындағы қауіпсіздігі туралы ата-аналардың ақпараттылығын арттыру.2–3 жастағы балалардың даму ерекшеліктері мен олардың қоршаған ортаны зерттеуге деген табиғи қызығушылығы туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.
Тұрмыста кездесетін қауіпті жағдайлар (өткір заттар, ыстық заттар, ашық розеткалар, баспалдақтар, тұрмыстық химия) және олардың алдын алу жолдары туралы айтты. Көрнекті материалдар мен тұрмыстық жағдайлардың мысалдарын көрсетіп, ата-аналардың дұрыс әрекет ету жолдарын түсіндірді.
Ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, жеке кеңестер берді. Ата-аналар мұқият тыңдап, сұрақтар қойып, өз тәжірибелерінен мысалдар келтірді. Балалар тәрбиеші ұйымдастырған қысқа ойын сәтіне қатысып, қауіпсіз мінез-құлық үлгілерін көрсетіп өтті (өткір заттарды ұстамау, итерісу жасамау, үлкеннің қолынан ұстау).
Тәрбиеші ата-аналарға өз үйлерінің қаншалықты қауіпсіз екенін бағалап көруді ұсынып, оны жақсарту жолдары бойынша кеңес берді.Кездесу соңында ата-аналар тәрбиешіге пайдалы ақпарат үшін алғыстарын білдіріп, тақырыптың 2–3 жас тобы үшін өзекті екенін атап өтті.


Текст