«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Қима ауылының Қ.Өскенбаев атындағы жалпы білім беретін мектебіне» қарасты «Аққу» шағын-орталығында кеңес беру пунктісінің жоспары бойынша Тәрбиеші А.С.Бостанбекова ата-аналармен «2-3 жастағы балалардың көшеде қауіпсіздігі» тақырыбында әңгіме өткізді.
Мақсаты: Кішкентай балалардың көшеде серуендеу кезінде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы ата-аналардың түсінігін қалыптастыру, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін ересектердің жауапкершілігін арттыру.
Әңгімеге мектепке дейінгі мекемеге қатыспайтын ата-аналар мен балалар қатысты. Әңгіме барысында әртүрлі жағдайлар интерактивті түрде талқыланды. Ата-аналар талқыланып жатқан тақырыпқа қызығушылық танытып, белсене диалогқа қатысып, сұрақтар қойды. Сондай-ақ күнделікті өмірде қолдану үшін ұсыныстар мен нұсқаулықтар алды.