05.10.2021
2021 жылғы 30 қыркүйекте онлайн режимде XIV Президенттік олимпиаданың бірінші (өңірлік) кезеңі өтті. Олимпиада бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша жалпы білім беретін ұйымдардың 11 сынып оқушылары арасында өткізілді.
Президенттік олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
1) орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биология пәндерінен дарынды оқушыларды анықтау, олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіптік бағдарлануы үшін оңтайлы жағдайлар жасау;
2) оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқуға қызығушылығын арттыру, теориялық білім мен дағдыларды тереңдету;
3) тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына және өзін-өзі дамытуына жәрдемдесу.
Президенттік олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды орындайды: математика, физика, химия және биология.
11 сынып оқушысы Чореску Дарья олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысты.