Текст
"Табиғат - өмір көзі"аймақтық экологиялық олимпиадасының аудандық кезеңінің қорытындысы шығарылды.
Олимпиаданың басты мақсаты: жастардың назарын туған өлкенің экологиялық проблемаларына аудару. Аудандық кезең екі турдан тұрды: I тур-тестілеу, II тур-жобаларды қорғау. Олимпиада нәтижелері 2 турдан жиналған ұпайлар саны бойынша анықталды.
Олимпиада қорытындысы бойынша 5 сынып оқушысы Альтерготт Александр 1 орынға ие болды! Құттықтаймыз!!!
Облыстық кезеңге сәттілік тілейміз!