Текст
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы а.ж. 28 ақпан – 2 наурыз аралығында Алматы қаласында "Алтын Қарғалы" санаторийі базасында білім беру ұйымдарының психологтары арасында "Жылдың үздік психологы" республикалық конкурсын өткізді.
Конкурстың негізгі миссиясы-дарынды психологтарды анықтау және қолдау, олардың одан әрі кәсіби және шығармашылық өсуіне ықпал ету, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы психологтардың озық тәжірибелерін насихаттау және тарату.
Ақмола облысын біздің мектептің педагог-психологы А. Б. Ахметова таныстырды.
Аида Бейсенова авторлық жұмысты қорғаумен тамаша өнер көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша Аида Бейсенова 3 орын алды. Құттықтаймыз!!!