11.03.2022
"Ақмола облысы Білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі "ММ ағымдағы жылдың 23-25 ақпан аралығында Мектеп жасына дейінгі балалар арасында Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған" Шамырлық пен шеберлік күні " сайысының аудандық туры өткізілді.
Аудандық турға 15 мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері қатысты.
Байқау екі кезеңнен тұрды:
1."Ханталапай" Ойыны.
2."Әке көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер"атты қолөнер байқауы.
Бірінші номинацияға 3-6 жас аралығындағы "Аққу" шағын орталығының тәрбиеленушілері қатысты.
Ойынның мақсаты: "Ханталапай" ұлттық ойыны арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың логикалық ойлауын дамыту, қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрімен танысу, ептілік пен жылдам әрекет етуді, ойлауды дамыту.
Екінші номинацияға "Аққу" шағын орталығының ересек тобының тәрбиеленушісі Васильев Илья қатысты.
Илья "Киіз Үй – ата-бабалардың ұлы сыйы"атты қолөнер бұйымдарын дайындады.
Байқау қорытындысы бойынша Васильев Илья аудандық байқауда 2 орын алды. Құттықтаймыз!