«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Қима ауылының Қабдеш Шардағұлұлы Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Арықтар-балалар үшін қауіп

06.04.2022
Ақмолалық құтқарушылар балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды!
Жылы массалардың басым болуымен облыс аумағында қардың еруі белсенді жүреді. Осыған байланысты, бірқатар өңірлерде траншеялар мен арықтар салу арқылы еріген суды бұру бойынша жұмыстар жүргізілуде, Осы су бұру құрылыстарының тереңдігі 2 метрге, тіпті одан да көпке жетеді.
Біздің білуімізше, балалардың қызығушылығында шек жоқ, көрсетілген уақыт кезеңінде балалардың "қайықтарды ұшыру" ойынына және т.б. ерекше қызығушылығы бар.
Осыған байланысты, құрметті ата-аналар, Ақмола облысы ТЖ департаменті өз балаларына назар аударуды ұсынады. Сіздің балаңыз бос уақытын қайда өткізетініне қызығушылық танытыңыз, көктем мезгілінде балалардың су айдындарында жүруіне және болуына жол бермеңіз, балаларды су бұру арықтары мен каналдарға барудан шектеңіз.
Ересектер, бей-жай қалмаңыз, балалардың су бұратын арықтар мен каналдарға бару әрекеттерін тоқтатыңыз, ұқыпсыздық қайғылы жағдайға айналуы мүмкін!
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында су тасқыны Сортировка кентіндегі 9 жасар баланың өмірін қиды. Полиция баланың өлімін апат ретінде тіркеді. Бала қағаз қайығына жетіп, бір жарым метр тереңдікте арыққа құлады.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі
Просмотров: 279


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст