03.02.2021
Абай Құнанбайұлының 175 – жылдығына орай ұлтымыздың ұлы ақыны Абай шығармалары арқылы ұлттық таным мен рухани құңдылықтарды оқушылардың бойына дарыту мақсатында Қ.Өскенбаев атындағы Қима орта мектебі ұйымдастырған Әдеби – танымдық «Абай» клубы
Клуб мақсаты – ұрпағымыздың рухани болмысын, отансүйгіштік санасын арттырып, оларды Абай өмірі мен шығармашылығын үнемі нәрлендіріп отыру.
- Жоспар негізінде Абай әлемін әдебиетпен ұштастыра оқыту;
- Оқушыларды поэзия әлемін түсіндіре отырып, адамгершілікке үйрету;
- Абайдың өлеңдерін келесі ұрпаққа насхаттау және нақышына келтіріп айта білуге тәрбиелеу;
- Абай мұрасын оқыту арқылы шығармашылықпен айналысатын, рухани дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
«Абай әлемі» клубының міндеттері:
• Ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру:
• Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып,оны сөздіксіз аудару деңгейіне жеткізу;
• Абай мұрасын оқып үйрене отырып, алған білім мен дағдыларын әртүрлі жағдаяттар мен сайыстарда қолдана алуға тәрбиелеу;
• Абай әндеріне видео-роликтер жасау.
Эпиграф: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқынын танытамыз..Абай біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс».
«Абай» клубының кеңесіне шығармашылықпен айналысатын, сөз өнерін бағалайтын ұстаздар кіреді. Клубтың жұмыс жоспары кеңес отырысында құрылды.