Текст
20.11.2025
2025 жылдың 20 қарашасында Қ. Өскенбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында "Информатиканы оқытудағы жасанды интеллект мүмкіндіктері"тақырыбында информатика мұғалімдерінің семинары өтті. Іс-шара барысында педагогтар заманауи AI-құралдармен танысып, оларды сабақта қолдану тәсілдерін талқылады. Қатысушылар күрделі тақырыптарды түсіндіру, оқу материалдарын жасау және тапсырмаларды тексеруді автоматтандыру үшін нейрондық желілерді пайдалану тәжірибесімен алмасты. Қауіпсіздік, этика және АИ-ді білім беру процесіне дұрыс интеграциялау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Семинар нәтижелі өтті және оқушыларды оқытуда жасанды интеллект технологияларын енгізудің маңыздылығын атап өтті.