«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Қима ауылының Қабдеш Шардағұлұлы Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Қима ауылының Қ.Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» бастапқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімі лауазымына бос орынға конкурс жариялайды

23.05.2025

Лауазымдық міндеттері:

Білім алушылардың әскери-патриоттық тәрбиесі бойынша жұмысты ұйымдастырады;

Оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлейді;

Оқу кабинетін жабдықтауға қойылатын талаптарды сақтайды;

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасармен, сынып жетекшілерімен (топ жетекшілерімен) бірлесіп, әскери-патриоттық жұмыстың жылдық жоспарын әзірлейді, оның орындалуын қамтамасыз етеді және оқу полигонының жұмысын үйлестіреді;

Бастапқы әскери дайындық кабинеттері мен (немесе) полигондарының материалдық-техникалық базасын дамыту мен нығайту, жабдықтар мен мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын қадағалайды;

Әскери істің негіздерін үйрету үйірмелерін, әскери-патриоттық клубтарды басқарады, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға арналған практикалық сабақтар мен жаттығулар өткізеді;

Әскери есепке дейінгі жастарды әскери есепке қоюға дайындық жұмыстарын ұйымдастырады;

Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтар жүргізеді, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-шараларды пысықтайды, қорғаныс құрылыстары мен жеке қорғаныс құралдарының дайындығын қамтамасыз етеді;

Оқу-тәрбие процесінде қауіпсіздік шараларын сақтайды;

Оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастырады.

 

Білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы", азаматтарды әскери есепке алу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдарын;

Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушыларды тәрбиелеу және бастапқы әскери дайындық мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді;

Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, пәннің мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеу процесін, оқыту және бағалау әдістемесін;

Педагогика, психология, социология негіздерін, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін;

 

Басқарудың инновациялық әдістерін;

Педагогикалық әдеп нормаларын;

Экономика негіздерін, еңбек заңнамасын, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелерін.

 

Квалификация талаптары:

«Бастапқы әскери дайындық және дене тәрбиесі пәні мұғалімі» мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болуы тиіс;

«Запастағы офицер», офицерлік құрамда әскери қызмет өткерген, жоғары (орта) әскери немесе педагогикалық білімі бар немесе педагогикалық қайта даярлық туралы құжаты бар адамдар – еңбек өтіліне талап қойылмайды;

Немесе тиісті біліктілік деңгейіне байланысты:

Педагог-модератор – мамандығы бойынша кемінде 2 жыл еңбек өтілі;

Педагог-эксперт – кемінде 3 жыл;

Педагог-зерттеуші – кемінде 4 жыл;

Педагог-шебер – кемінде 5 жыл еңбек өтілі болуы тиіс.

 

Кәсіби құзыреттер бойынша талаптар:

1) «Педагог»:

Психологиялық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білу;

Оқушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және әлеуметтенуіне ықпал ету;

Білім беру ұйымы деңгейінде іс-шараларға қатысу;

Оқытудың жеке тәсілін қолдану;

Кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас дағдыларын меңгеру;

Цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана білу.

2) «Педагог-модератор»:

Инновациялық оқыту әдістерін қолдану, тәжірибе алмасу, олимпиада, байқауларға қатысушы тәрбиелеу.

3) «Педагог-эксперт»:

Оқу үдерісін талдай алу, тәлімгерлік жүргізу, аудан/қала деңгейінде тәжірибе тарату.

4) «Педагог-зерттеуші»:

Бағалау құралдарын әзірлеу, зерттеу жүргізу, облыс/республикалық деңгейде тәлімгерлік және тәжірибе тарату.

5) «Педагог-шебер»:

Авторлық бағдарлама, оқулық не оқу-әдістемелік құралдар жазған болуы, облыстық әдістемелік кеңесте мақұлданған болуы, кәсіби қауымдастықты дамытуға үлес қосу, республикалық/халықаралық байқауға қатысу немесе жеңімпаз дайындау.

 

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

2025 жылғы 23 мамырдан бастап 27 маусымға дейін.

Құжаттар 5 жұмыс күні ішінде қарастырылады.

 

Қажетті құжаттар тізімі:

Конкурсқа қатысу туралы өтініш (ережеге 10-қосымшаға сәйкес);

Жеке басын куәландыратын құжат (немесе eGov-тан алынған);

Жеке іс парағы (тұрғылықты мекенжайы және байланыс нөмірі көрсетілуі тиіс);

Білімі туралы құжат көшірмесі (біліктілік талаптарына сәйкес);

Еңбек өтілін растайтын құжат (бар болса);

Денсаулық жағдайы туралы анықтама (№ ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық бойынша);

Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

Наркологиялық ұйымнан анықтама;

Ұлттық біліктілік тесті сертификаты немесе біліктілік санаты туралы куәлік (бар болса);

Кандидатты бағалау парағы (ережеге 11-қосымша бойынша).

 

Бір құжаттың болмауы құжаттарды қайтаруға негіз болады.

 

Жалақы мөлшері:

120 000 – 130 000 теңге

 

Байланыс мәліметтері:

Телефон: 8 (71635) 51-206

Жұмыс уақыты: 9:00–18:00

Электрондық пошта: shkola.kima1@yandex.kz

Просмотров: 229


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст