«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Қима ауылының Қабдеш Шардағұлұлы Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақтың ұлы»

20.09.2021
Мектеп оқушылары арасында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы мен өмірі, рухани мұрасына      арналған «Қазақтың ұлы» атты "Ақындық сағаты "өтті. 
Оған 7,9,10-сынып оқушылары қатысты.
Шараның мақсаты – оқушылардың ағартушы, ұстаз Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына деген қызығушылығын ояту, ұлттық мақтаныш сезімін, ұлттық бірегейлікті қалыптастыру
Іс- шара барысында қатысушылар Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығымен танысып, сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар оның еңбектерін талдады.
Ыбырай Алтынсарин-қазақтың аса көрнекті ағартушысы, ақын, жазушы, этнограф, фольклоршы және қоғам қайраткері. Оның шын аты - Ибраһим. Ол 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысында дүниеге келген.
Ы. Алтынсарин орыс, араб және татар тілдерін еркін меңгерген және халықты ағартуды армандаған. Ол кезде қазақ балаларына мектеп ашу өте қиын болатын. Дегенмен, 1864 жылдың қаңтарында Ыбырайдың тікелей қатысуымен алғашқы қазақ мектебі ашылды.
Өткізген:" Қазақ тілі мен әдебиеті"пәнінің мұғалімі Кортаева Асемгуль Тлегеновна
Просмотров: 255


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст