Қай жыл мезгілі болса да өзіндік қызық қуаныш, игі істерге толы екенін білеміз. Міне, көптен күткен жаңа жыл мерекесін де қарсы алып, 2018 жылдың алғашқы айлары да бізді қуантарлық іспен басталды. Жаңа жыл мерекесіне қарсы Қ.Өскенбай атындағы мектепте тағы да бір игі іс орын тапты. Ол мектептің қасынан мұз айдынының ашылуы. Бұл жаппай сырғанауға арналған мұз айдыны оқушылар үшін зор қуаныш. Әрине, оқушылардың қуанышына бөленіп, мұз айдынының ашылуына мұрындық болған Ауылдық әкімі Сыздыкпаев Ерлан Тимурович, «ТОО-Жаңа жол» директоры Смагулов Искак Садырович пен басқа да жеке кәсіпкерлерге ризашылығымызды білдіреміз. «Дені саудың –жаны сау», - дегендей бос уақыттарында оқушылар коньки теуіп денсаулықтарын шыңдаса, кешкісін мұз айдыны нағыз ғажайып орынға айналуда... Жан –жағынан прожекторлар орнатылған мұз айдыны тек оқушыларды ғана емес ата-аналарды да қызықтыруда. Отбасы болып осындай мұз айдынында, таза ауада бос уақыттарын, демалыс күндерін өкізу адам үшін пайдалы емес пе? Ендеше, «Салауатты өмір –денсаулық кепілі», - дей келе қол үшін берген азаматтар мен кәсіпкерлерге біздің мектеп директоры Токмурзина Гүлбаршын Қубиевнаның айтар алғысы шексіз!