Аталған шара Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында өтті. Нұрсұлтан Назарбаев үшінші бесжылдық жоспарын әзірлеп бастауды тапсырғаны туралы,қазіргі өтпелі кезеңде.Президент өз жолдауында біздің алдымызда тұрған қиындықтарға төтеп беруді тапсырғандығы жөнінде талқыланды. Жолдау аясында қабылданған әлеуметтік саладағы маңызды шешімдер туралы Тащанова Н.Е. айтып,оның адами капиталды жетілдіруге ғана көмектеспейтіні , сонымен қатар, тұрақты және жаппай әлеуметтік-экономикалық прогресс негізі болып табылатыны туралы өз пікірін білдірді. Әрине, жаңа технологиялық құрылым жұмыс орындарын оңтайландыруды көздейді. Қызметкерлерімізге мұның не себепті екенін және жаңа мамандықтар бойынша қайта біліктілігін жоғарылатудың және өзгеру үрдісінде болудың қандай мүмкіндіктері бар екенін түсінуіміз керек және жаңа заман талабына сай үрдістен қалмауымыз керек,әсіресе біз білім ошағының мамандары оны қалыс қалдырмауымыз керек - дейді мектеп директоры Г.К.Токмурзина. Сөз барысында барысында ұстаздар білім бағытындағы тапсырмалардың тиімді жақтарын атап өтті.Соның ішінде Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру – бүгінгі қоғам талабы. Ақордада латын қарпіне қатысты жалпыхалықтық талқылаудың соңғы нүктесін қойған жиынға біздің мектеп ұстаздары да қолдау білдірді. Елбасымен кездесу барысында таныстырылған латын әліпбиінің соңғы үлгісіне өңірдегі білім саласының қызметкерлерінен бастап танымал қоғам белсенділері оң бағасын бергені жөнінде,біз де алдағы уақытта машықтанып, дайындық жасауды ұмытпау керектігін біздің тіл мамандары қызу талқылады. Елбасының әрбір реформасы ел үшін де, өскелең ұрпақ үшінде маңызды болып келген. Бұл реттегі көтеріп отырған мәселе біз, ұстаздар үшін өте үлкен жауапкершілік деп білемін. Себебі жаңа қаріпті тек педагог мамандар ғана емес, оқушылар да жетік меңгеріп алып кетуі қажет. Сондықтан алда жауапаты кезең тосып тұр. Ақордада ұсынылған жаңа әліпбидің жобасын бүгін мектебіміздің қабырғасындағы ұстаздар қауымына таныстыру біздің міндетіміз. Әріптестерім жаңадан ұсынылған әліпбидің ыңғайлығы мен алдыңғы үлгімен салыстарғанда жетңілдетілгенін айтып өтті. Үш тілде білім алып келе жас ұрпақ жаңа латын қаріпін меңгеріп алатынына,оның өзге тілді жетік меңгеруге жол ашатынына біз кәміл сенеміз. Ал,біздің Қ.Өскенбай атындағы білім ұясы үшін бұл жауапты кезеңде педагогтар мен оқушылар еш қиындықсыз игеріп, талмай жұмыс істеуіне тілектеспін!