Мұғалім –өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім,
оқуды, ізденуді тоқтатысымен, оның мұғалімдігі де жойылады.
К. Д. Ушинский
Желтоқсан айының соңғы күндері де келіп жетті. Жаңа жыл қарсаңында ауқымды істердің орындалып, бір жылдық қорытындылардың парақ бетінде қалары анық. Сол сияқты желтоқсанның 21-күні, біздің Қ. Өскенбай атындағы Қима орта мектебінде үлкен іс-шара өтті. Облыс көлемінде өткен бұл іс-шараға аудан бойынша озық та, үздік үлгідегі жұмыстар ортаға салынып, мектепте"Озық тәжірибені таратудағы – әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың маңызы"атты көрме ұйымдастырылды. Әрине, бұл Жақсы ауданы бойынша озық іс-тәжірибе тарату жұмысы бойынша эксперттік комиссия отырысы болатын. Озық технологияларды енгізуші шығармашыл педагогтардың тәжірибесімен бөлісу, алмасу зерделеу мақсатында өткізілген бұл семинарға қатысушылар-өз іс тәжірибелерін облыс көлемінде тарататын ұстаздар, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлер еді. Атап айтсақ, "Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту" Ғ. Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жуманова Сауле Есеновна, "Опорные конспекты и схемы на уроках русского языка"Ишимское орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мейрембаева Бақытжамал Жумадиевна", Оқушылардың мектеп бітіру емтиханының сәтті тапсыруына арналған тапсырмалар"Жақсы №1 орта мектебінің тарих және құқық негіздері пәнінің мұғалімі Исмаилова АдемиХамитбековна, «Использование метода проекта на уроках»К. Өскенбаев атындағы Қима ОМ бастауыш сынып мұғалімі Дорофеева Наталья Васильевна, "Формирование понятий через систему терминологической работы при изучении химии и биологии" Запорожье орта мектебінің химия және биология пәндерінің мұғалімі Саутбаева Алмагуль Болатовна, "Оқушылардың әдеби кітаптарға деген қызығушылығын арттыру жолдары" Ғ. Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің кітапханашысы Есенгулова Тогжан Сейткереевна, "Подготовка старшеклассников к олимпиаде по русскому языку" Ғ. Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тулегенова Калия Кадыровна, "Роль школьной методической службы в формировании поофессионального мастерства педагогов" К. Өскенбаев атындағы Қима орта мектебінің директордың оқу- ісі жөніндегі орынбасары Нургалиева Мария Дюсембыгалиевна болатын. Мектеп басшысы Г. К. Токмурзина және оқу ісінің меңгерушісі М. Д. Нургалиеваның тарапынан қадағаланып, мектеп ұжымы болып, семинарға қатысушы озық тәжірибе тарландарына барлық мүмкіндіктер жасалынды. Облыс көлемінде өткен бұл іс-шараны Облыстық білім басқармасының жанындағы оқу- әдістемелік кабинетінің білім сапасы мен талдау жұмысы бөлімінің меңгерушісі Қожахметова Сұлушаш Тельмаевна, Жақсы ауданының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ерғалиева Айгүл Ермухановна ашып, сәттілік тілектер білдірді. Соңынан мектеп ұжымы атынан мынадай жыр –шашумен,
Жыр жазамын жүрегімнен сіздерге,
Хош келдіңіз, ақ жол түсіп біздерге.
Құтты болсын қадамыңыз үлгі боп,
Жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде.
Үлгі болып үлкен-кіші жастарға,
Тәжірибе алмастыру басты арман.
Маңдай термен еңбек етіп ерінбей,
Шаршамайсыз қиындықтан жерінбей
Жаңа заман –жаңа талап қойды алға,
Беріп жүрсіз білім нәрін
Өсер ұлан, жас ұрпақтың бойына,
Қайтсек те сіз ұрпағыңды жетелеп
Сіңіресіз, ұшқыр –қиял оқушының ойына,
Деп ойлайсыз, ұстаздар –ау асылым,
Келген осы қадамыңа бас идім!
Озаттар мен үздіктерің шаттанып,
Болашаққа көз тастасын мақтанып,
Сеніміңді ақтап ертең биіктен,
Желбіретсін көк туыңды ақ таң қып!
Білім, талап, ақылменен ұшқыр ой,
Дарындылық, өнер әсте біліп қой,
Сенің арқаң оқушыға дарыған,
Арманыңды ісіңменен жалғастырсын жас ұлан!-деп, Сайлаубектің орындауында ән жолданды. Сол сияқты, мектеп өмірі, тыныс –тіршілігінен бір сәт видеоматериал көрсету де қалыс қалмады. Арты келген майталман ұстаздардың іс тәжірибе жұмыстарын тыңдаумен ұласты. Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе - оқыту, білім беру және тәрбие беру тәжірибесі, дәлірек айтсақ бұның нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс. Ендеше, озат педагогикалық тәжірибе алмасуда әр – мұғалім өзінің шеберлігін презантация слайд, жеке портфолиосы арқылы жоғары деңгейде көрсетті. Шығармашылық ізденіспен келген, жаңалығы бар ұстаздар тәжірибе жүзінде жаңа әдістерді, инновациялық технологияларды қолданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп ұштастырып, өмірдің заман талаптарына сай қалай жұмыс істейтіндерін көрсетіп, педагогикалық тұрғыдан дәлелдей білді. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді және оқушылардың білім сапасының арта түсуіне, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейін жоғарылатуға септігін тигізеді. Жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін жан-жақты талдап баға беріп, қорытындылау эксперттік комиссия құзырында. Ал, сөз соңында бұл үлкен іс-шараға қатысушы ұстаздарға еңбетеріңіздің жемісін көріп жетілдіре беріңіздер және тәжірибе алмастыру додасында шығармашылық табыс, әрқашанда тек биіктен көріне берулеріңізге тілектеспін демекпін!