Текст
24 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Менің Президентім» атты аудандық шығармалар байқауы өтті. Байқаудың мақсаты-талантты оқушыларды қолдау және дамыту, балалардың шығармашылық қабілетін дамыту. «Менің Президентім» атты байқауы оқушылардың бойында ел Президентіне деген мақтаныш, құрмет сезімін қалыптастырды. Осы байқауға Қ.Өскенбаев атындағы орта мектебінен 8-сынып оқушысы Баймуллин Константин қатысты. Константин байқауға дайындалған кезде деректер жинақтап, өз ойын шығармасында білдірді. Баймуллин Константин аудандық байқауға қатысып, «Жас қалам» атты номинацияға ие болды.