«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Қима ауылының Қабдеш Шардағұлұлы Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер күні мерекесіне орай өткізілген онкүндіктің іс-шаралары туралы мәлімет

18.09.2017

Қ. Өскенбай атындағы Қима орта мектебінде Тілдер мерекесіне байланысты біраз іс-шаралар мен жұмыстар жүргізілді. Іс-шара жұмыстарына оқушылар мен ұстаздар белсене қатысып, жұмыла жұмыс жасады. Тіліміздің қанатын кеңге жаюға басқа ұлт өкілдерінің балалары да өз үлестерін қосты. Тәрбие ісінің меңгерушісі Биримжанова Л.А тіл мерекесіне арналған онкүндіктің жоспарымен таныстыру мақсатында лездеме өткізіп, онкүндіктің жоспарымен таныстырды. Қыркүйек айының 7-нен бастап жоғары сыныптар арасында онкүндіктің жоспары құрылды. «Тіл ұлттың тірегі» атты салтанатты шеру Исмагулова А.О. ұйымдастырды. «Тіл достықтың тірегі» қабырға газетін Калыкова Ж.Е. ұйымдастырып. «Ана тілім дана тілім бақ тілім» кітап көрмесін кітапханашы Морозова И.С. Ибраева Г.Т. 5-7 сыныптар арасында «Үш тұғырлы тілдің әлемі» зияткерлік ойын өткізді. «Бір шаңырақ астында....» 5- сыныпда сайыс ұйымдастырды Алшинбаева Ж.З. Ағылшын пәнінің мұғалімі Аширханова Ш.С. «Let s speak EngIish» сынып тыс іс-шара өткізді. «Мәңгілік Еліміздің – Мәңгілік тілі» тақырыбына қазақ, орыс тілінің мұғалімдері Тащанова Н.Е. Нургалиева А.Д. шығармалар байқауын ұйымдастырып,байқауда ең үздік деген оқушылардың жұмысын ауданға ұсындық. Өзге ұлт өкілдер арасында салтанатты шерудің жабылуын мектеп басшысы Токмурзина Г.К. –ның жылы сөзімен және оқушылардың жылы ән, билерімен аяқтадық.

Просмотров: 469


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст