Қ. Өскенбай атындағы Қима орта мектебінде «Денсаулық күні» аясында іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның өтуіне мектеп ұжымы жаппай ат салысты. Мерекелік шара салтанатты жиыннан басталып, ауыл әкімшілігінің «Денсаулық күніне» қатысушыларына деген жылы лебізімен аяқталды.
Денсаулықтың кепілі.
Жаттығу мен шынығу.
Әрбір жастың үлесі,
Жастайынан шынығу-деп бірінші флэш-моб биі ашты. Оқушылар биі, спорттық жарыстармен ұласты. Бастауыш сыныптарда «Көңілді старт» жарысы өтті. Жарысқа кішкентай бүлдіршіндер сынып жетекшілерімен қатысып, өздерінің күштерімен сынасып, жылдамдықтарын көрсетті. Орта буын сыныптары волейбол мен шағын баскетбол жарысқа түсіп, командалардың бірлігін таныта отырып, тек қана алға ұмтылуға қадам жасады. Жоғары сынып оқушылары Жүгіруден атлетикалық және шахматтан жарысқа түсті. Оқушылар қандай жарыс болсын өздерінің ептіліктерін, күштіліктерін, жылдамдылықтарымен бірге бірлік татулықтарын таныта білді. Атлетикалық жарыс 5-8 сыныптар арасында, 9-11 сыныптар арасында өтті. Осы сайыстарда мараппаталған оқушылар 1-2 орын алған оқушылар. 1-орын Шакаева Я. Плюсова К. Валиев Д. Уланова Д. Есенов В. 2-орын Федончук С. Шмидт Э.
Бастауыш сыныптар 1-орын Бараников М. Капеш Г. Зазуляк Г. Скашенко Д. 2-орын Морева Ю. Морозов Н. 3-орын Рубан Д. Волкова Я. Жеңіске жеткен оқушылар сыйлықтармен марапатталды. Жалпы «Денсаулық күні » қызықты өтті.