Қазіргі таңда мемлекет болып республика көлемінде үштілділік бағытта білім көтеру мақсаты қолға алынғаны бәрімізге айғақ.Соған орай Республика көлемінде мемлекеттік тілді үйреніп жатқан өзге ұлт өкілдерінің 2-4,5-8,9-11 сынып оқушылары арасында шығармашылық конкурс өткізу наурыз айында басталған болатын.Қандай да болмасын сайыс болған соң «Сайыстың аты- сайыс»,оның мақсаты мен міндеттері болатыны белгілі.Бұл конкурстың мақсаты мемлекеттік тілді сауатты меңгеру беделін көтеру,өзге ұлт өкілдерінің оқушылары мен білім алушылардың интеллектуалдық,рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге мүмкіндік туғызатын шығамашылық талабын дамыту еді. Конкурс төрт номинация бойынша өткізілді:«Әдеби көркем оқу», «Музыкалық қонақжай»,Көркемдік –театрландырылған қойылым», Ұлттық қолданбалы өнер».
Әдеттегідей мектеп атынан әр номинация бойынша біздің де үміткерлер қатысқан болатын.Аудан көлемінде 7- оқушы –I ,II ,III дипломмен мараппатталып, ішінен I-орынды иеленген 3-оқушы облыс көлеміндегі сайысқа аттанды. Облыс жоғары оқу орындары оқытушыларынан құралған қазылар алқасының мүшелері әр сынып бойынша жүлделі орындарды анықтап баға берді. Бұл жерде ұлттық қолөнерінің тақырыбы: «Киелі киіз үй»,Атам-Алаш, Керегеміз-Ағаш, киіз -туырлықты, ағаш уықты қазақпыз дей келе тақырыптық жобасын үздік қорғаған ол «Мың бір мақал»,жеке тақырыптар бойынша мәнерлеп оқу мен ілеспе аударма,диалог құру сияқты 4-кезеңінен де сүрінбей өтіп бәйгеден озып келген Щитка Варвараның жетістігі барлық ұстаздардың қуанышына айналды! Ол облыс көлемінде I орынға ие болып 150 мың қомақты сыйлықпен, дипломмен, марапаттау қағаздарымен марапатталды. Әрине, бұл мектеп үшін де, ұстаздар қауымы үшін де, Варвара мен оның отбасы үшін де зор мәртебе! Ендеше, Қазақстанның болашағы қазақ тілінде дей келе, біздің Варвара мемлекеттік тілдің өркендеуіне өз үлесін қосады және болашақта тағы да бір тілдің жанашыры өсіп келеді демекпін. Бұдан біз патриоттық сезімнің дінге, ұлтқа бөлінбейтінін, әсіресе, мектеп қабырғасында алған білім адамның тұлғаға айналу процесінде негізгі рөл атқаратына кәміл сенеміз.
Мерейің өсіп, білімің асқақтап, бізді қуанта бер Варвара! Алда талай асулардан асып ,ұстазыңның үмітін ақтайтын сенсің, Варвара!
Біздің өскелең ұрпақтың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне, ұлттық қолданбалы өнерге, қазақтың аса маңызды, рухани – құндылықтары музыка өнеріне, қазақ тілін сауатты шығармашылық тұрғыдан меңгеруіне,мемлекеттік тіл ретінде оң көзқарасын қалыптастыруда осындай дарынды балаларды шығару біздің міндетіміз екенін тіл мамандары біздер естен шығармауымыз керек.