Республикалық конференция Астана қаласында 2017 жылдың 28 наурызында өтті. Бұл іс-шараға республика бойынша барлық облыстардың ұстаздары қатысты. Бұл конференция қазақ тілі мұғалімдері сайыс финалына қатысушылардың шеберлік сабақтарын көрсетуімен ерекшеленді. «Алматыкітап баспасы» және «Express Publishing» баспаларының оқу әдістемелік әдебиеттерінің көрмесі ұйымдастырылды. Өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шара жан-жақтан келген педагогтардың көңілінен шықты, өйткені ұстаздардың алары көп болды.
Мен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ибраева Гульмира Талғатқызы Жақсы ауданы, Қ.Өскенбай атындағы Қима орта мектебінің атынан қатыстым. Жіберілген жұмыстарымның бағаланып, нәтижелі болғанына өте қуаныштымын.
Қорытындылау мәресінде 1-сынып мұғалімдерінің сабақтары бойынша бейне үзінділері республикалық сайысының финалға қатысушылардың марапаттау кезеңінде мен «Қазақ тілі мұғалімі – ең басты мұғалім» номинациясына ие болдым.