Қаскелең қаласында 4-7 қаңтар 2017 ж. аралығында «Оқытудағы жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер» атты республикалық оқу семинары өткізілді.
Семинардың ұйымдастырушылары: «Дарын» - республикалық оқу-әдістемелік орталығы.
Бұл семинарға Қ.Өскенбай атындағы Қима орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ибраева Г.Т. қатысты.
Семинардың мақсаты- мұғалімдердің кәсіби деңгейін дамытуға қолайлы жағдай жасау, мектептерде оқу-тәрбие процесін жетілдіруге, әдістемелік көмек көрсету. Семинарға қазақ тілі, ағылшын тілі, информатика пәні мұғалімдері шақырылды. Семинар бағдарламасы мына мәселерді қамтиды: педагогтардың кәсіби ой-өрісін кеңейту және өзіндік жетілуіне мен дамуына мотивациясын арттыру.
Семинар дәріскерлерінің құрамы Қаскелең қаласындағы Сулейман Демирель университетінің филология және педагогика ғылымдары факультеті мен инженер және жаратылыстану факультетінің ақпараттық жүйелер кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамынан тұрады. Семинарда келесі дәрістер өткізілді: «Орта мектептегі фонетикалық білімдердің түсіндірілу әдістері», «Оқу және жазу сыни тұрғыдан ойлаудың негіздері мен стратегиялары», «Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері» және т.б.с.с.
Семинар соңында қатысушыларға сертификат берілді.