Әдістемелік тақырыпты жүзеге асыру аясында тақырып бойынша мектепте ашық сабақтар фестивалі өткізілді
«Белсенді оқыту әдістері – табысты тұлғаны қалыптастыру құралы».
Іс-шараның мақсаты:
Оқу үрдісінің тәжірибесіне заманауи инновациялық білім беру технологияларын енгізу және тарату;
Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру, олардың педагогикалық шеберлігін арттыру, оқытудың жаңа тиімді әдістерін игеруге ынталандыру;
Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді қолдау және мұғалім мамандығының беделін көтеру;
Білім сапасын арттыру;
Мұғалімдердің сабақты зерттеу дағдыларын қалыптастыру.
Бұл шара барысында дене шынықтыру, музыка, бейнелеу өнері мұғалімдерінің сабақтары әріптестердің назарына ұсынылды. Фестивальге шағын орталық пен мектепалды даярлық сыныптарының мұғалімдері де қатысты. Мұғалімдер жұмыс тәжірибесімен бөлісуге, әдістемелік «құлшынысын» көрсетуге мүмкіндік алды. Әріптестер қызықты, нәтижелі сабақтарға қатысып, әдістемелік қолдау алды, сонымен қатар өздері қатысқан сабақтарға жан-жақты талдау жасады.