«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Қима ауылының Қабдеш Шардағұлұлы Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қ.Өскенбаев атындағы Қима орта мектебінің өзін-өзі тану пәнінің "Өзін-өзі тану-Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндігі туралы есебі

14.02.2020

2020 жылдың 3 ақпанында 1-11 сынып оқушыларына «Өзін өзі тану-Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты декаданың салтанатты ашылуы болды. Жүргізушілер  сөйлеу кезінде мейірім,достық,махаббат туралы өлеңдер айтты. Декаданың салтанатты ашылуында адамдарға жақсылық жасау, адал болуға оқушылар шақырылды.  Мереке мейірімді,әдемі болды. 2020 жылдың  төртінші ақпанында мектеп кітапханашысы Морозова И.С. «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Бұл көрмеде оқушылар Назарбаева Сара Алпысқызының қайырымдылық қызметі туралы, махаббат пен қайырымдылық туралы  кітаптары жөнінде мәлімет алды.Көрме диалог түрінде өтті. Дорофеева Наталья Васильевна «Арман және шынайлық» атты сабағын 9-сыныпта өткізді. Оқушылар сабақта өздері қорытынды жасап, кейбір жағдайлар бойынша өз көзқарастарын білдірді. Сабақ өте қызықты және танымдық болды.

7-8-сынып оқушыларының арасында Дорофеева Н.В. «Жақсылық жаса және адамдарға көмек бер» атты тренинг жүргізді. Сабақта оқушылар өз сезімдері туралы, өміріміздегі жалпыадамзаттық құндылықтардың рөлі туралы әңгімеледі.

Өзін өзі тану онкүндігінің қорытындысы бойынша оқушылар осы пәннің маныздылығын түсінді. Бұл пән жақсылық жасауға үйретеді.

Онкүндіктің бағдарламасы мазмұнды болды. Мектеп сайтында видеоматериалдар және фотосуреттер уақытында үлестірілді.

Просмотров: 367


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст