Лауазымдық міндеттері:
балалардың қоғамдық ұйымдарының, "Жас қыран", "Жас ұлан" бірлестіктерінің, дебаттың, мектеп Парламентінің қызметін дамытуға ықпал етеді; білім алушыларға олардың бірлестіктерінің, ұйымдарының қызметін жоспарлауға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен нысандарын жаңартуға ықпал етеді; балалар мен жасөспірімдердің Жас мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып жұмысты жүзеге асырады; ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады; балалар мен жасөспірімдерді жұмыс істеп тұрған ұйымдар, бірлестіктер туралы кеңінен ақпараттандыру үшін жағдай жасайды; білім алушыларға азаматтық және адамгершілік ұстанымын көрсетуге, өз мүдделері мен қажеттіліктерін іске асыруға мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар жасайды; ұйымда мәдени-көпшілік, патриоттық жұмыс жүргізеді
білім алушылармен жұмыс істеудің инновациялық тәжірибесін зерделейді және пайдаланады; "қоғамға қызмет ету", "Отанға табыну", "үлкендерге құрмет", "анаға құрмет"қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады; балалар ұйымдарының, бірлестіктерінің бастауыш ұжымдарының басшыларын (ұйымдастырушыларын) іріктеу және даярлау бойынша жұмыс жүргізеді; білім беру ұйымының өзін-өзі басқару органдарымен және педагогикалық ұжымымен, қоғамдық ұйымдармен, білім алушылардың ата-аналарымен немесе оларды алмастыратын адамдармен тығыз байланыста жұмыс істейді; білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастырады. Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер; Педагогика және психология, физиология, гигиена, балалар қозғалысының заңдылықтары мен даму тенденциясы; педагогикалық этика нормалары;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе "Педагогика" бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талаптар қоймай педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; және (немесе) біліктіліктің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы және педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл мамандығы бойынша жұмыс өтілі; және (немесе) біліктіліктің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін тәлімгер лауазымындағы жұмыс өтілі-кемінде 5 жыл.
Кәсіби құзыреттерді айқындай отырып біліктілікке қойылатын талаптар:
1)"педагог-модератор": "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: балалармен жеке және топтық жұмысты өз бетінше ұйымдастыру;
2)"педагог-сарапшы": "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ: балалармен диагностикалық жұмыстың ұйымдастырушылық нысандарын пайдалану, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселелері бойынша зерттеу жұмысының дағдыларына ие болу, өткізілетін тәрбие іс-шараларын талдау әдістемелерін пайдалану, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибені пайдалану;
3)"педагог-зерттеуші": "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ: ұйымдастырушылық-әдістемелік қызметті талдау технологияларын пайдалану;
4)"педагог-шебер": "педагог-зерттеу" біліктілігіне қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс
ұйымдастырушылық-әдістемелік қызметті талдау технологияларын пайдалану; облыстық оқу-әдістемелік кеңес пен РУМС мақұлдаған әдістемелік материалдардың болуы. Құжаттарды қабылдау мерзімі 2023 жылғы 13 қыркүйектен 19 қыркүйекке дейін Құжаттар бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
Лауазымдық жалақысы 110000 теңгеден 120000 теңгеге дейін Байланыс телефон нөмірі: 87163551206, жұмыс уақыты 9.00-18.00 , kiyminskaya1@mail.ru.