Текст
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Астана қаласы педагогтерінің тамыз форумында білім саласына көрсетілген Мемлекет басшысының қолдауы туралы айтты. Педагогтерді әлеуметтік қолдаудың арқасында соңғы төрт жылда олардың жалақысы 2 есеге артты.
2024-2025 оқу жылында білім беру процесінде бірқатар жаңалықтар енгізіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Астана қаласы педагогтерінің тамыз форумында айтты.
Ғани Бейсембаев апатты және үшауысымды мектептердің проблемасын шешуге бағытталған шаралар туралы баяндады. Биылғы жылы 536 мың оқушы орнына арналған 302 мектептің құрылысы жүруде.